Денсаулық сақтау министрлігі қанша қазақстандықтың COVID-19-ға қарсы екпе алғысы келетінін әлі білмейді. Бірақ министрлік тегін вакцина көлемін 3,6 миллионға дейін ұлғайтуды қарастыруда. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Баспасөз конференциясында "СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиевқа "Бірыңғай дистрибьютор вакцинаны өз еркімен салдыруға дайындығы туралы адамдар арасында сауалнама жүргізді ме" деген сауал қойылды.
- Біз жұмыс тобын құрдық, ондағы мақсаттың бірі - бұл вакцинаға деген сұраныстың қаншалықты екенін білу? Болжам бойынша, ол - 2,4 миллион доза. ДДҰ-ның тиісті ұсынысы бар. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Барлығы бюджетке байланысты, - деп жауап берді ол.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлыбек Асылбеков бұл мәселе әлі де пысықталып жатқанын, ДДҰ ұсыныстарына байланысты вакцина мөлшерін көбейтуге қосымша қаражат іздестіріліп жатқанын атап өтті.
- Үнемі талдау жүргізіліп отырылады, басында біз 2 миллион доза дедік. Біз қазір бұл мәселемен одан әрі жұмыс істеп жатырмыз. Қазірдің өзінде халықтың шамамен 15% -ы тегін вакцинациямен қамтамасыз етіледі деп қарастырылып жатыр, бұл - шамамен 3,6 млн доза, - дейді ол.