Қазақстан Pfizer және BioNTech вакцинасын сатып алғысы келеді

Турпром
Бұл компаниялардың вакцинасының сынақ кезінде аса тиімді екені дәлелденген.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Pfizer және BioNTech вакциналарын алу мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Бұл компаниялардың вакцинасының сынақ кезінде аса тиімді екені дәлелденген.

"Мұндай ақпарат кеше ғана тарады. Өзіміз де оны ақпарат құралдарынан естідік. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені тез арада қолға алады. Өзіміздің, Ресейдің және басқа да елдердің вакциналары бар. Ол вакциналарды тіркеген соң, біз Pfizer компаниясымен және оның құрылтайшыларымен жұмыс істейміз", - деп мәлімдеді Асылбеков.

Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы мен немістің BioNTech компаниясы бірлескен мәлімдеме таратып, олардың коронавирусқа қарсы вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінде 90 пайыз тиімді нәтиже көрсеткенін хабарлады. Сынаққа 43 538 ерікті қатысқан. Сынаққа қатысқандардың 94-і ғана коронавирус жұқтырған. Вакцинаның вирустан қаншалықты ұзақ қорғайтыны туралы ештеңе айтылмады.

Компаниялар биыл 50 млн дана вакцина, келесі жылы бір миллион астам дана вакцина өндіруді көздеп отыр.

Қыркүйек айында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны бірінші болып өндіре бастаған кез келген елмен келісімге отыратынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады