"Спутник V" ресейлік екпесін алған ақ халаттылар бәрібір коронавирус болып қалды

ok.ru
Екпе алған науқас дәрігерлердің COVID-19 қоздырғышын жұқтырғанға дейін иммунитеті қалыптасып үлгермеген болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана дәрігерлердің инфекция жұқтыруы мүмкін,

Sputnik V вакцинасын алғашқылардың бірі болып Ресейдің Алтай аймағындағы 42 дәрігер алды. Жақында олардың үшеуі коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС-тың хабарлауынша, Sputnik V коронавирус вакцинасының 42 жиынтығынан тұратын алғашқы топ Алтай аймағына келіп түсті. 2 мың дозаға жуық вакцинаның екінші партиясы 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеткізілуі керек.

Алтай аймағында коронавирус инфекциясына қарсы алғашқы екпе жасатқан 42 ақ халаттының үшеуі коронавирусты жұқтырды. Екпе алған науқас дәрігерлердің COVID-19 қоздырғышын жұқтырғанға дейін иммунитеті қалыптасып үлгермеген болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана дәрігерлердің инфекция жұқтыруы мүмкін, - делінген облыстың баспасөз және бұқаралық коммуникациялар бөлімінің хабарламасында.

Вакцинаны әзірлеушілердің айтуынша, вакцина екі компонентті: бірінші инъекциядан кейін үш аптадан соң екіншісін алу керек. Адам коронавирус инфекциясынан екінші вакцинаны алғаннан кейін үш апта өткен соң ғана қорғалған болып саналады және осы уақыт ішінде иммунитетті қалыптастыру процесі жүреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев