2020 жылдан бастап, Қазақстанда, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба жас маманды әрі қарай зейнетке шығатын қызметкерді алмастыратындай жұмысқа орналастыруды көздейді. "Ұрпақтар келісімі" жобаға қатысушы мен жұмыс берушіге не беретінін zakon.kz тілшісі зерделеп көрді.
"Ұрпақтар келісімшарты" - бұл пилоттық сипатта биыл еліміздің 4 аймағында - Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген "Еңбек" бағдарламасының жаңа құралдарының бірі.
Жоба шеңберінде, жұмыс беруші, ниет танытушы азаматты кейін зейнетке шығатын адам босататын жұмыс орнына қабылдайды. Шарт 6 ай мерзімге жасалады. Осы уақыт бойы мемлекет жас маманның жалақысын 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде субсидиялайды. Осылайша жобаға қатысушы міндетінің мәніне тереңірек үңіліп, тәжірибе жинақтайды және тәлімгер зейнетке шыққанға дейін оны толығымен ауыстыратын жағдайға жетеді. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші оны бұрынғы жұмысшының жалақысымен тұрақты жұмысқа қабылдайды.
Тыныштық Қаратайқызының жеке мұрағатынан
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылының тұрғыны Тыныштық Қаратаеваның жергілікті пантамен емдеу орнында мейірбике болып жұмыс істегеніне бір айға жуықтады. Ол мұнда "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысудың арқасында орналаса алды. Үш ұлдың анасы Кейіпкеріміз медициналық колледжді бітіргеннен кейін бірнеше жыл декреттік демалыста болды. Содан биыл мамандығы бойынша еңбек етуге бел буып, аудандық Жұмыспен қамту орталығына көмек сұрап барған.
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу ұсынылғанда, оны керемет мүмкіндік деп ұйғардым. Міне бірнеше аптадан бері пантамен емдеу емханасында мейірбике болып істеймін. Мұнда әріптестерім, оның ішінде тәлімгерім мамандықты іс жүзінде үйренуге көмектесіп жатыр. Бұл менің алғашқы жұмыс тәжірибем және маған бәрі қатты ұнайды, - дейді Тыныштық Қаратаева.
Айтпақшы, жоба жұмыс берушінің өзіне, яғни кейіпкеріміз қызмет ететін мекеме директорының да қолайына жақты.
Тыныштық биыл зейнетке шығатын медбикенің орнына келді. Осы орайда "Ұрпақтар келісімшартын" жақсы құрал деп санаймын. Оның үстіне қатысушының жалақысы алты ай ішінде мемлекет тарапынан субсидияланатындықтан ешқандай шығынға ұшырамаймыз. Жұмысқа тұрушы адамға да қолайлы, еңбек өтілін, тәжірибе жинайды. Біз де қуаныштымыз, зейнетке шыққан қызметкерлердің орнына дайын адам бар. Осы бағдарлама бойынша тағы бір мейірбикені қатарымызға қоспақпыз, - дейді пантамен емдеу мекемесінің директоры Бану Тілегенова.
Нәтижесінде "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бірден бірнеше маңызды міндетті шешеді: тәжірибесіз жас мамандарға жұмыс ұсынылып, жұмыс берушіге зейнет демалысына кететін қызметкердің орнына басқа маман дайындауға көмектеседі және жұмыссыздық мәселесі шешіледі.
2020 жылдың 6 қарашасындағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында жобаға 21 адам қатысты.