Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ақорда
Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты. Әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі