Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына тінту жүргізілді - дереккөз

365info.kz
Оның газға қатысты мәселеге қатысы бар болуы ықтимал.

Сенімді дереккөздер Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевқа тінту жүргізілгені туралы айтады. Әкімдік бұл ақпаратты растаған да, оны теріске шығарған да жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарының тінтуге алынғаны туралы деген ақпарат пайда болды. Тінту қандай іс бойынша жүргізілгені әлі белгісіз. Мұны білу үшін біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сауал жолдадық.

Облыстық әкімдік тінту туралы ақпаратты растаған да, теріске шығарған да жоқ. Олар тек Қыраубаевтың өз жұмыс орнында екенін хабарлады:

- Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев өзінің жұмыс орнында екенін және өз қызметін қалтқысыз атқарып жатқандығын хабарлаймыз, - деді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлей.

Бұған дейін "Время" газеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аймақтарды сұйытылған газбен қамтамасыз ету схемасына қатысты істі тексеріп жатыр деп жазды. Кейбір облыстар көрсетілген мқлшерден көп газ алғаны анықталды, оның үстіне артық шикізатты қайта сатуға шығарған, ал мемлекет шығынға ұшыраған. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың газбен байланысты айла-шарғыларға қатысы бар деген болжам бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі