Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлердің дене салмағы өлшеніп отыратын болды

Shutterstoc
Өзбекстанда мемлекеттік органдар үшін дене жаттығуын жасауға арнайы уақыт белгіленеді.

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 шілдесіне қарай мемлекеттік органдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің толық салмағын бағалау өлшемі әзірленіп, оның қорытындысын сараптау және онлайн-мониторинг жүргізу жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды zakon.kz.

Centralasian.org мәліметі бойынша, бұл туралы дене тәрбиесі және спорт министрлігі өкілдері баспасөз мәслихаты кезінде жариялаған.

Олардың айтуынша, мемлекеттік органдар үшін дене жаттығуын жасауға арнайы уақыт белгіленеді.

Бұдан бөлек 2021-2022 оқу жылынан бастап мектептерде дене тәрбиесі сабағына аптасына екі сағат беріледі. Келесі жылы "Өзбекстанның ұлттық спорты мен халықтық ойындарының энциклопедиясы" басылып шығады.

Министрлік өкілдері 2020 жылдың соңына дейін Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінде спорт тақырыбында кітаптар мен журналдар шығаратын арнайы баспа ашылмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді