Зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге 3 триллионнан астам теңге бөлінеді

zakon.kz
Қазақстанда мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау шараларын күшейту жоспарланған.

Мемлекет шын мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі керек, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының ХХ съезінде, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Біздің бағдарламада төрт негізгі басымдық бар. Әр азаматқа өз мүмкіндіктерін іске асыруға теңдей мүмкіндіктер беру, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекет атаулы әлеуметтік көмекке шынымен мұқтаж жандарға көмек көрсетуі керек.

- Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға үлкен көңіл бөлеміз. Әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтіледі, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ол алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін де айтты.

- Зейнетақының мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен бірге біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, - дейді Қазақстан Президенті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар