Шыңжаңдағы ұйғырлар жағдайына Рим папасы алаңдап отыр

Сурет: zakon.kz
Шыңжаң аймағында ұйғырлар мен қазақтар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілдері лагерлерде қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.

Рим папасы Франциск ұйғырларды қуғынға тап болған ел деп атады. Католик шіркеуінің басшысы бұл туралы алғашқы жолы Қытайдың Шыңжаң аймағында азшылық өкілдерінің құқықтары бұзылып жатқаны бойынша хабарлар таратып жатқан кезде мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Мен қуғынға тап болған рохинжа, байғұс ұйғырлар, йезиддер жөнінде көп ойланам" деп айтылған понтификтің "Келіңдер, армандайық: жарқын болашаққа қарай" атты кітабында. Кітап 23 қарашада басылып шықты.

Осыған дейін папа Мьянмадағы рохинжа азшылығының репрессияға тап болғаны, Ирактағы йезиддердің "Ислам мемлекеті" террорлық ұйым тарапынан өлтіріліп жатқаны жөнінде айтып келген, бірақ ұйғырларды азап шегуші халық ретінде айтқан емес.

Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар және қырғыздар сияқты жергілікті мұсылман халықтың жүз мыңдаған өкілдері лагерлерде негізсіз қамалып жатқаны 2017 жылдан бері айтылып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды