Диего Марадонамен қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Getty Images - Getty
Ұсталған адамдар бар.

Буэнос-Айрестегі ұлы футболшы Диего Марадонамен қоштасу рәсіміне мыңдаған аргентиналықтар жиналды. Бірақ ол әсерлі естеліктердің орнына жаппай тәртіпсіздіктермен есте қалатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Infobae порталының хабарлауынша, белгісіз себептермен билік ұлы футболшымен қоштасу мүмкіндігін шектеу туралы шешім қабылдаған, әрине бұл жайт жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған. Осылайша қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Тәртіп сақшылары наразы адамдарға қарсы көзді ашытатын газ бен су атқылады, осыдан кейін ғана дүрбелең тоқтады.

Полиция жаппай тәртіпсіздік кезінде ерекше көзге түскен 9 адамды ұстағаны белгілі. Жаппай тәртіпсіздіктен бөлек вандализм, тонау, мемлекеттік қызметкерлерге қарсылық көрсету сынды құқық бұзушылықтар да орын алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті