Қазақстан Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысына қатысты

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
МҮСК отырысында Әмудария және Сырдария өзендерін бассейндеріндегі 2020 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы шығарылды.

Бейнеконференция форматында Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының (МҮСК) кезекті 79-шы отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстаннан оған Экология, геология және табиғи ресурстар вице – министрі Ерлан Нысанбаев, Түркіменстаннан су ресурстары мемлекеттік комитетінің төрағасы Гуйзгелди Байджанов, Өзбекстан Республикасынан – Су шаруашылығы министрінің орынбасары Вахиджон Ахмаджонов, Тәжікстан Республикасынан – Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзода қатысты, делінген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

МҮСК отырысында Әмудария және Сырдария өзендерін бассейндеріндегі 2020 жылғы вегетациялық кезеңнің қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ 2020-2021 жж. вегетациялық кезеңге арналған су қоймаларының жұмыс режимінің болжамды кестелері қаралып, бекітілді.

Сонымен қатар, тараптар 2018 жылы Түркменбашы қаласындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының саммитінде Мемлекет басшылары көтерген бастамалардың орындалу барысын талқылады. Саммиттегі Мемлекет басшыларының бастамаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар аймақтағы су шаруашылығы мәселелерін шешуде МҮСК алаңы аясындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты