Елді елең еткіземін деп мәлімдеме жасаған саясаткер "Nur Otan" қатарынан шығып қалды

Депутаттың айтуынша, саясаткердің ақылға қонымсыз мәлімдеме жасауын оның саясаттағы тәжірибесі аздығымен, көп назарын тез аударғысы келуімен, БАҚ және қоғамдық-саяси ортада қандай да жолмен бір орынын табуға деген ұмтылысы кезіндегі шала-пұшық жанталасымен түсіндіруге болады.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың жаңа партия құру туралы қатты айтылған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Казанцев "Nur Otan" партиясының партиялық бақылау комитетінің отырысы болғанын атап өтті.

"Күн тәртібіне бір мәселе қойылды - партия мүшесі Н.Әлтаевтың партия жарғысы мен партия мүшесінің әдеп кодексін сақтауына қатысты. Отырыстың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қалалық "Nur Otan" ХДП Саяси Кеңесінің Бюросына Н.Әлтаевты партия қатарынан шығару жөніндегі тиісті ұсынысы бар қаулыны бірауыздан қабылдау туралы шешім қабылданды: көп алдында мәлімдеме жасап, соның ішінде жаңа саяси партия құру керек деп, Nur Otan" партиясының беделін дақ түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасағаны үшін. Астаналық партия филиалы Саяси кеңесінің бюросы бұл ұсынысты қолдады, мәселені тиісті отырыста қарады және Н.Әлтаевты партия қатарынан шығарды", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Депутаттың айтуынша, саясаткердің ақылға қонымсыз мәлімдеме жасауын оның саясаттағы тәжірибесі аздығымен, көп назарын тез аударғысы келуімен, БАҚ және қоғамдық-саяси ортада қандай да жолмен бір орынын табуға деген ұмтылысы кезіндегі шала-пұшық жанталасымен түсіндіруге болады.

Сондай-ақ бүгін Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі де тоқтатылғандығы белгілі болды.

Тақырыпқа орай: Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: