Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

total.kz total.kz
Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарландыру ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына, 9-тармағына, Nur Otan партиясының 2020 жылғы 30 қарашадағы № SQ-0101-20/4253 хатына және Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген шешімде.

Нұржан Әлтаев былтыр 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді.

Сол кезде Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз