COVID-19-ға қарсы екпе салдыртқан соң не істеуге болмайды

liter.kz
Созылмалы аурулары жоқ 18-ден 60 жасқа дейінгі адамдарға оны салуға болады.

Роспотребнадзор COVID-19 вакцинациясын салдырғаннан кейін сақтану ережелері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағзаға түсетін ауыртпалықтардан аулақ болған жөн, мысалы қатты тону немесе, керісінше қатты ыстықтаудан, сол секілді аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін тағамдарды тұтынбағаныңыз дұрыс болады, деп хабарлайды РИА Новости Роспотребнадзоға сілтеме жасап.

Желтоқсан айының басында Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы кең көлемді екпе салдыртуды бастау туралы бұйрық берді, ең алдымен оны қауіпті топтарға - дәрігерлерге, мұғалімдерге және әлеуметтік қызметкерлерге сала бастады.

Ресей ғалымдары әзірлеген Sputnik V вакцинасы клиникалық зерттеулердің екінші аралық талдауында 95% тиімділікті көрсетті. Созылмалы аурулары жоқ 18-ден 60 жасқа дейінгі адамдарға оны салуға болады.

Тамыздың ортасында Денсаулық сақтау министрлігі оны тіркеді. Вакцина адамның аденовирустық векторлық платформасына негізделген.

Мәскеуде 4 желтоқсаннан бастап үкімет келісімі бойынша білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері, сондай-ақ қалалық қызметтердің қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алуы үшін жаппай вакцинациялау механизмін сынауға арналған электронды тіркеу ашылды. Кейін сол арқылы вакцина алуға мүмкіндігі барлардың тізімі кеңейтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты