Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: Ақорда
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты іс-шара барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Астана әуежайында Иордания королін қарсы алғаны хабарланған. Сондай-ақ 6 қарашада елордада Ақаба процесі саммиті өтетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript