6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Астана, Ақаба процесі, саммит, 6 қараша, Эмомали Рахмон, Иордан, король, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 18:01 Сурет: akorda.kz
5-6 қараша күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі- баспасөз хатшысы Айбек Смадияр желідегі парақшасында жазды.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді

"Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады. "6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады", деп жазды ҚР президентінің кеңесшісі- баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдаған болатын. Кездесуде Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту және цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: