Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: akorda.kz
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.
Бұған дейін Тоқаевтың Иордания Королін Астана әуежайында күтіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


