Асқар Мамин автобус жүргізіп кете жаздады

primeminister.kz
Саран қаласында "Yutong" автобустары шыға бастады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысының Саран қаласында автобустар, электробустар мен арнайы техника шығаратын "QazTehna" зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпорын әлемдегі аса ірі автобус өндіруші "Yutong" компаниясымен серіктестікте құрылған. Жобаның құны шамамен 23 млрд теңгені құрайды, мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жылдық жобалық қуаты – 1200 автобус пен электробус, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техника. Зауытта бірнеше өндірістік циклдарды: дәнекерлеуді, бояуды, құрауыштарды шығаруды, зерттеу орталығын, сондай-ақ техниканы сынау және тексеруге арналған тректі іске қосу қарастырылған.

"Yutong" маркалы автобустар барлық континентте 30-дан астам елде пайдаланылады. Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустармен, орындармен, электронды билет беру және бақылау жүйесімен жабдықталған.

Жаңа жоба Қарағанды облысының экономикасының дамуына және отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасын іске асыруға серпін береді.

Үкімет басшысына Саран қаласындағы индустриялық аймақты одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ "Оңай" электронды билеттендіру жүйесі туралы баяндалды.

Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы сонымен қатар ТМД-дағы бірден-бір "Caterpillar" маркалы арнайы техника сервисінің және ауыр техника компоненттерін қалпына келтірудің толық циклі бар "Борусан Макина Қазақстан" ЖШС-ында болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр