Ержан Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған.

2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы "Экспресс Банк" АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы м. а., сарапшы.

2012-2013 жж. — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің Мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.

2013-2016 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ. 2016-2019 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады