Ковидке қарсы екпе салдыртқан Білім министрі өзін қалай сезінетінін айтты

inform.kz
Министр бір ай бұрын екпе салдыртқан болатын.

Covid-19-қа қарсы екпе салдыртқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазір өзін қалай сезінетіндігі туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Алғашқы айда, кез-келген адам сияқты,әрине алаңдайсыз, қайта-қайта бойыңызда өзгеріс бар ма, жоқ па, соған мән беруге тырысасыз. Бірнеше рет талдаудан өтіп, нәтижелерін көруге асықтым. Тек антиденеге ғана емес, сонымен қатар жалпы қан талдауына, биохимияға қан тапсырдым. Бұл өзім үшін керек болды, әрине алаңдайсыз, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, вакцинациядан кейін денсаулығының жағдайы өте жақсы, жанама әсерлері жоқ.

Қазір өзімді жақсы сезінемін (…) Қазіргі уақытта қандай да жанама әсерлер барын, қандай да бір ерекше құбылысты бойымнан сезінген жоқпын. Оның үстіне, онсыз да күзге қарай вакцинация күнтізбесін жібермей, оны үнемі орындайтын адаммын, ұстаздық етуші ретінде мен әрдайым ғылыми мәліметтерге арқа сүйеймін, ал ғылым екпе инфекциядан қорғаудың ең оңтайлы әрі тиімді әдісі екенін айтады, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды