"Біршама әріптес ағайын партияға кіріп, не жақтас боп делеңдеп, шапқылап жүр. ФБ да отырған, пікірі қалыптасып қойған скептик жұртты үгіттеп әлек" деп, дәл байқапты facebook-те Қасым Аманжол.
"Убеждать убежденных" деуші ме еді?
Төленген постың насихатынан антинасихаты асып кетерін тапсырыс берушілер неге түсінбейтіні ғана таң қалдырады. Күнкөріс қой, жарайды деп көбіне кешіріммен қарайсың. Сайлау өтер, науқан бітер, бірақ біз қаламыз, журналистика кәсібі қалады. Бейтараптық шартын аяққа таптап, әділетті өлтіріп, саяси жалдамалыға айналудың ертеңгі салмағы ауыр деп ойлаймын, дейді Аманжол.
P.S. Шәкәрім қажы үлкен дауда бір сақаудан сөзден жеңіліпті деседі. "Әй, қажы, осы Абай сабалғанда сен қанша жаста едің, мен қаншада едім?!" депті әлгі. Қажы ләм демей отырып қалыпты. Жаңаөзенде мұнайшылар қырылғанда, Атырауда макстар атойлап шыққанда, көпбалалы әйелдер тентіреп, тозып, Ағаділ өлгенде неше жаста еді осы бес партия?