2021 жылы қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру үшін жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға мүмкіндік берілді. Қазақстан Республикасының Президенті тиісті заңға 2 қаңтарда қол қойды. Жаңа жылдық демалыстан кейінгі бірінші жұмыс күні, яғни 5 қаңтарда қазақстандықтар БЖЗҚ веб-сайтына жаппай кіре бастады, бірақ көп ұзамай сайт жұмысы кібіртіктеп, ақыры ол "сынып" тынды, деп хабарлайды zakon.kz.
БЖЗҚ сайт жұмысының қайта-қайта үзіліп кетіп жатқандығын былай түсіндірді:
Қордың сайтында техникалық жұмыс жүріп жатыр. Сұраныстың көптігіне байланысты сайттағы кейбір қызметтер қолжетімді болмай қалуы мүмкін. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Бұған дейін олар веб-сайтта және мобильді қосымша бойынша 2 мен 4 қаңтар аралығындатехникалық жұмыстар жүргізілетінін ескерткен.
Зейнетақының белгілі бір бөлігін кез-келген адам ала алмайды. Қажетті "жеткіліктілік шегінен" асқандарға ол мүмкін. БЖЗҚ бұл өлшемшартты олардың сайтында немесе қосымшасында тексеруге болатындығын айтқан болатын.