ОПЕК+ шешімінен соң Brent маркалы мұнайдың бағасы өсе бастады

Pixabay
Кеше Қазақстанның мұнай өндірісін арттыратыны белгілі болды.

Brent маркалы мұнайдың 2021 жылы наурыздағы жеткізілім құны Лондонның ICE биржасында алдыңғы сессияның жабылуы кезеңіндегі бағамен салыстырғанда 5,23% өсіп, бір баррелінің құны 53,76 долларға жетті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өз кезегінде WTI маркалы мұнай 5,2% қымбаттады, яғни бір баррелі 50,25 долларға дейін өсті.

Бұл 6 қаңтардағы Нұр-Сұлтан уақытымен 00: 22 уақытында алынған мәлімет екенін ескерте кетелік.

Кеше Қазақстанның мұнай өндірісін арттыратыны белгілі болды. Кездесу қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге, осы кезеңде өндірісті кезең-кезеңімен сәйкесінше күніне 10 және 65 мың баррельге ұлғайтуды көздейтін Қазақстан мен Ресей үшін бөлек шарттар жасалды. Осылайша, ОПЕК + шеңберінде Қазақстан үшін ақпандағы белгіленген міндеттемесі тәулігіне 1,427 миллион баррельді және наурыз айында тәулігіне 1,437 миллион баррельді құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды