2021 жылдың 6 қаңтарында "Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған үгіт-насихат тобы Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы "Азат Ет" кооперативінде болып, оның қатысушыларымен кездесті. Іс-шара "Ауылдан ауылға" акциясы аясында өтті және Қазақстан Республикасындағы кооперативтік қозғалысты қолдауға бағытталған, деп хабарлайды zakon.kz "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Азат Ет" - Қазақстандағы мал шаруашылығы саласындағы жұмыстың тұрақтылығын көрсететін және бірлескен қызметтің барлық дәстүрін сақтаған алғашқы және әзірше жалғыз кооператив. "Ауыл" партиясының деректері бойынша соңғы 10 жылда елімізде шамамен 2700 кооператив құрылған, алайда олардың тек 0,1% - ы ғана жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіреді және тұрақты жұмыс істейді.
2020 жылдың 11 мамырында Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаев Қазақстанда шамамен 1,7 млн. жеке қосалқы шаруашылық бар екенін және олардың әрқайсысы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат деңгейін арттыруды қажет ететінін хабарлады.
"Ауыл" партиясының мүшесі, "Іскер демеу" қоғамдық қорының басшысы Анас Баққожаевтың айтуынша, кооперативтер құруда алғашқы қаржылық көмек мемлекет тарапынан болуы тиіс, өйткені жеке қосалқы шаруашылықтарды тек идея төңірегінде біріктіру мүмкін емес. Осы себепті кооперативтерді қайта құру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Осыны ескере отырып, 2019 жылы "Самұрық-Қазына" холдингінің қаржылай қолдауымен Ақмола облысының Ақкөл ауданында "Азат Ет" кооперативі құрылды.
"Іскер демеу" ҚҚ дайындық жұмысы кезеңінде "Ауыл" партиясының қолдауымен 13 ауылдық округ тұрғындары арасында 1075 адамды қамтумен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобаның алдын ала нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін фактор ретінде ауыл халқының кооперация процесіне берік сенімін қалыптастыруды негізгі жетістік деп атауға болады. Кооперативтің қызметтерін пайдалануға мүдделі адамдардың саны әлі де өсіп келеді, ал жеке шаруа қожалықтарынан алынған пайданың экономикалық құрамдас бөлігі кооперативтің ауыл тұрғындарының табыс деңгейінің өсуіне оң әсерін көрсетті. Қазіргі уақытта кооперативтің бордақылау алаңында 140-тан астам жеке қосалқы шаруашылықтан алынған 400-ге жуық ірі қара мал бар.
Партия жетекшісі Әли Бектаевтың айтуынша, кооперативті ауылшаруашылық техникасымен жабдықтау ЖҚШ-дың жем-шөпке деген сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Малды бірлесіп ұстау және бордақылауды ұйымдастыру мал өсірудің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік беруде. Жоба ауылдық аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізеді. ЖҚШ малын жайлауға көшіру есебінен ауылдық елді мекендердің жайылымдары тозудан қоғалуда, олар соңғы жылдары нашарлай түскен еді.
Әли Бектаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі кооперативтік қозғалысты жаңғырту бойынша партияның жұмысы жалғасады деп санайды. Сонымен қатар, сайлауалды тұғырнамада өндірістік және тұтыну кооперативтерін ынталандыру тетіктерін жақсарту шаралары қарастырылған. Ауыл тұрғындары мен "Азат Ет" кооперативінің қатысушылары одан әрі дамудың перспективалы бағыты ретінде 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын құруды және активтерді кооператив балансына беру мүмкін деген ортақ пікірге келді. Бұл кооперативті капиталдандыруға және оның ұйымдық-құқықтық нысанын тұтынушыдан өндіріске ауыстыруға мүмкіндік береді. Өйткені, өнеркәсіптік сүт өндірісі ретінде қызметтің жаңа бағытының пайда болуы кооперативтің кірістілігін одан әрі арттырады.
"Азат Ет"-те қолданылатын кооперация моделі Израильдің кибуцевті дамыту жөніндегі тәжірибесіне сай келеді, онда өндірістің негізгі қаржысы кооперативке, ал биологиялық активтері ауыл халқына тиесілі.
Сондай-ақ, бүгін облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Қызылорда, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында кәсіпорындар және медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Қызылорда облыстық, қалалық маслихаттарға кандидаттар "Қызылорда "Квант" механикалық зауыты базасында "Инженерлік-техникалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибесі және проблемалары" тақырыбында аталмыш кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.
Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Ережепов, К.Кадырбеков, Ж.Ибрагимов және Төлеби аудандық мәслихатына үміткерлер Ж.Нысанбаев, Е.Майлыбаев, А.Мыңбаев, Т.Сейданов, А.Шаинековтың қатысуымен Төлеби ауданы "Қазығұрт" ӨК ұжымымен кездесу өтті. Іс-шарада партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, мал шаруашылығындағы проблемалар талқыланды.
Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Махамбет Хасенов, Шынар Искакова, Қуаныш Тұрабаев "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының қызметкерлерімен кездесті.