Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақыты бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 52,5% алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 56,9%
Ақтөбе облысы бойынша – 45,6%
Алматы облысы бойынша – 58,0%
Атырау облысы бойынша – 45,6%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5%
Жамбыл облысы бойынша – 63,4%
Қарағанды облысы бойынша – 58,8%
Қостанай облысы бойынша – 62,4%
Қызылорда облысы бойынша – 60,9%
Маңғыстау облысы бойынша – 43,3%
Павлодар облысы бойынша – 57,8%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4%
Түркістан облысы бойынша – 53,6%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0%
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1%
Алматы қаласы бойынша – 25,3%
Шымкент қаласы бойынша – 49,2%
Келесі шұғыл ақпарат сағат 18.00-де баяндалатын болады.