Алматыда биылғы жылы кептеліс жүктемелері көп жол учаскелерінде салынып жатқан үш жолайрықтарының құрылыстары жалғасуда. Олар – Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің бойларында салынып жатқан жолайрықтары, деп хабарлайды zakon.kz.
Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойындағы жолайрығы кіші жол айналымының құрамына енеді. Жолайрығы қаланың солтүстік бөлігіндегі көлік легін жеңілдетеді.
Ағымдағы жылдың соңында келесі жылдың басында Бұқтырма көшесі мен Құлжа тракті қиылысындағы жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жолайрығын пайдалануға беру Түрксіб ауданы мен қала маңындағы елді мекендердегі 350 мыңға жуық тұрғынның мобилділігін арттырады.
Сонымен қатар, орталық бөлікті қала шекарасымен байланыстыратын негізгі көшелерді үңгілеу жалғасуда. Абай даңғылын қала шекарасына дейін созу жұмыстары екі учаскеде жүруде, Момышұлы даңғылынан Әшімов көшесіне дейін және Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін.
Сондай-ақ, Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін және Нұрлы көшесін Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін үңгілеу жұмыстары жүргізілуде. Қонаев көшесін (Жандосов көшесінің жалғасы) Яссауи көшесінен ұзындығы 1,2 шақырым болатын Әшімов көшесіне дейін реконструкциялау жалғасуда.