Мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуыл жасалды

gov.kz
Кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы мамырда "goszakup.gov.kz" мемлекеттік Интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесіне DDos типті кибершабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрсетілген кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, оның ішінде "ЭҚО" АҚ (электрондық қаржы орталығы) жәрдем көрсетуімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік Интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды.

Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды.

2020 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу" бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты