Өзбекстан америкалық Pfizer және Германияның BioNTech компанияларынан 100 мың дана вакцина алады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Өзбекстанның санитария және эпидемиология қызметінің басшысы Баходир Юсупалиев хабарлады, деп жазды centralasian.org.
Шенеуніктің айтуынша, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі халықтың шамамен жиырма пайызына коронавирусқа қарсы вакцина егуді көздеп отыр.
Pfizer/Biotech вакцинасын -70 градус температура жағдайында сақтау қажет. Юсупалиевтің айтуынша, Өзбекстанда мұндай вакциналарлы сақтауға арналған тоңазытқыштар бар. Шенеунік елде егу науқанын жоспарлау жұмыстары басталып кетті. Егумен айналысатын медициналық қызметкерлер дайындалып жатыр.
Pfizer/Biotech вакцинасы- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы егуге болатын препарат ретінде мақұлдаған алғашқы вакциналардың бірі.