Айда Құрманғалиева Еңбек министрлігі аппаратының жетекшісі болып кетті

ПМ
Ол бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы "Қазагроөнеркәсіп" республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған. Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады