Ұлттық банк төрағасы экономикамыздың қалпына келуі бойынша болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстан экономикасы өсімі жағынан оң траекторияға енеді.
Қазақстанда ЖІӨ-нің қысқаруы 2020 жылы 2,6% -ды құрады, бұл жаһандық құлдырау көрсеткішінен айтарлықтай төмен (4,4%). 2020 жылдың екінші тоқсанындағы рекордтық құлдыраудан кейін іскерлік белсенділік дағдарысқа дейінгі деңгейге сай келеді. Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға көшеді. 2021 жылдың соңында мұнайдың баррелі 45 доллар болған жағдайда өсім 3,7-4,0% деңгейінде болады деп күтіледі, - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында.