Екпе салдыртқан Бас санитарлық дәрігер өзін қалай сезінетінін айтты

zakon.kz
Қандай да бір жайсыз сезімдер жоқ.

Sputnik V вакцинасын салдыртқан Ерлан Қиясовкейін өзін қалай сезінетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қандай да бір жайсыз сезімдер жоқ. Ең алдымен, науқасты тексереді, сол кезде анамнез алынады. Дене қызуын, қан қысымын өлшейді, тамағаңызды қарайды. Осыдан кейін дәрігер екпе салуға рұқсат немесе рұқсат еместігін айтады. Танысу үшін ақпараттық қағаз беріледі, адам екпеге өз еркімен келісімін бергенін растап, қол қояды. Егер ол барлық процедуралармен келісіп, екпе алса, онда екінші рет дәрігер алдына келуі керек болады, өйткені вакцина - екі сатылы. Екінші доза 21-ші күні беріледі, - дейді Қиясов вакцинациядан кейін журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, вакцина өндіруші де, екпені салған емдеу мекемесі де вакцинаның ықтимал кері реакциясы үшін толықтай жауапкершілік алады.

Жауапкершілік жоғары. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі әр істі жеке-жеке тергейтін болады. Мұндай жағдайларды тергеу үшін әр облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссиялар құрылады, - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты