ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бүгін басталған вакциналау туралы өз пікірін жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Президент жазғандай, вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы.
1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын, - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.