Тоқаев соттардың жаңартылған алгоритм негізіндегі жұмысынан көп үміт күтеді

bitnovosti.com
Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндалды.

"Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес "мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы" принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді", делінген Ақорда хабарламасында.

Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы аталған Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты.

Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады