ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті zakon.kz ақпараттық агенттігінде 2021 жылғы 4 ақпанда орналастырылған "В Казахстане разрешили проводить коллективные намазы в мечетях" материалына қатысты мынаны хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулысының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сай "жасыл аймақта" орналасқан ауылдық жерлерде, қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етілген. "Қызыл" және "сары" аймақтардың өңірлерінде діни объектілерде ұжымдық іс-шараларға рұқсат етілмейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев түсіндіргендей, бұл ретте, мешіттерге барған кезде мынадай санитариялық талаптар қолданылады:
- мешітте міндетті түрде маска кию;
- арнайы антисептиктерді қолдану;
- үйде дәрет алу;
- қол алыспай, мешіт ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- намаз оқу кезінде намаз оқитын адамдар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;
- мешітке келушілердің ұзақ болуын шектеу;
- температурасы және респираторлық ауру белгілері бар адамдарға мешітке баруына тыйым салу;
- қарттар мен балалардың мешітке баруын шектеу;
- барлық келушілерге міндетті түрде термометрия жүргізу;
- мешіттің кіреберісінде және ішінде антисептиктерді қолдану;
- еденде 1,5 метр қашықтықтықпен арнайы белгілер қою;
- қысқа сүрелерді немесе қысқа аяттарды оқу;
- намаз оқу залдарын күнделікті дезинфекциялау;
- мешіт қызметкерлерінің маска кию режимін қатаң сақтауы.