Навальныйдың жақтасына мемлекетаралық іздеу жарияланды

itsmycity.ru
Волков кәмелетке толмағандарды рұқсат етілмеген наразылық акциясына тарту бойынша қозғалған істе жауапқа тартылуда.

Алексей Навальныйдың аймақтық оппозициялық штабы желісінің жетекшісі Леонид Волковқа мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы РБК Басман сотына сілтеме жасап, хабарлады.

Сонымен қатар Тергеу комитеті оны Ресейде ұсталған сәттен бастап немесе елге экстрадицияланған кезден бастап екі айға сырттай қамауға алуды талап етті.

Волков кәмелетке толмағандарды рұқсат етілмеген наразылық акциясына тарту бойынша қозғалған істе жауапқа тартылуда.

Бұл іс ойдан шығарылған. Бұл - осы тергеу комитетінің PR-кампаниясы. Менің оған түкіргенім бар, - деді Леонид Волков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды