2022 жылға дейін екі жоғары оқу орын салу жоспарланып отыр, деді Премьер-министр Асқар Мамин, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
2022 жылға қарай Петропавл және Шымкент қалаларында Назарбаев университетінің тәжірибесі негізінде екі озық аймақтық университет салынады, - деді Мамин Мәжілістегі Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, Премьер-министрдің айтуынша, биыл 20 мың адам ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болады, одан кейін квота жыл сайын көбейтіліп, 2025 жылға қарай 50 мыңға жеткізіледі.
Студенттерге стипендияларды екі есеге, ал магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге арттыру жоспарланып отыр.
2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кем дегенде 50 000 жаңа орын пайда болады. Көп сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер қолданысқа беріледі.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің тәжірибесі негізінде жаңа университеттер салу туралы 25 қарашада Nur Otan партиясының съезінде айтқан еді.