Нұр-Сұлтан әкімі орынбасары Мәкеннің отставкасын қабылдамады

Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды.

Елорда әкімі өзінің орынбасары Б.Мәкенді қол астындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін жазалады, деп хабарлайды zakon.kz әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

"ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес, Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шыққаннан кейін осы басқармаға жетекшілік ететін әкім орынбасары отставкаға өтініш берген.

Бірақ Б.Мәкен жетекшілік ететіндердің қатарында білім беру, дін, жастар саясаты, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс секілді әлеуметтік маңызды салалар бар екен.

Әкім орынбасары тағайындалғаннан бері үлкен жұмыс атқарылды және жетекшілік ететін салалардағы негізгі индикаторлар жақсартылды.

Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске еш қатысы жоқ екені ескеріле отырып, Б.Мәкеннің қызметінен кету туралы өтініші қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: