Қырғыз елінің президенті өз-өзін оқшаулады

vedomosti.ru
Қаңтардың соңында Жапаровтың Ресейге алғаш рет ресми сапармен баратындығы белгілі болды.

Ресейге сапарының алдында Садыр Жапаров өзін-өзі оқшаулап, үй карантинінде отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Садыр Нұрғожоұлы жақында болатын Ресейге сапарына дайындалып жатыр. Ол пандемия жағдайында эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлады РИА Новостиге Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің өкілі.

Сапардың нақты күні әлі белгісіз.

Қаңтардың соңында Жапаровтың Ресейге алғаш рет ресми сапармен баратындығы белгілі болды. Сапар барысында Ресей тарапымен табиғи газ бағасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланған.

Алайда, алдында Жапаров өзінің президент ретіндегі алғашқы сапары Қазақстанға арналатынын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті