Вакцинация науқанынан соң экономикада үлкен серпін болатыны болжанды

primeminister.kz
2021 жылғы бірінші айдың қорытындысы бойынша, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектор 3,6% деңгейінде өсім көрсетті.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2021 жылғы қаңтардағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ел экономикасының жағдайы туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады. Министрдің айтуынша, 2021 жылы әлемдік экономиканың даму перспективалары айқын емес. Бірқатар перспективалы вакцинаның әзірленуіне қарамастан, пандемияға байланысты тәуекел сақталып отыр.

"Жеке сектордың 2020 жылы капиталды жоғалтуы биылғы әлемдік сауданың қалпына келу перспективаларын шектейді. Өткен жылғы инвестициялық ағындардың рекордтық төмендеуі әлемдік экономиканың потенциалды өсуінің орта мерзімді тежеуші факторы болады. Ірі әлемдік экономикалар арасындағы қарама-қайшылықтың созылуы әлемдік өндіріс құрылымын одан әрі қайта бөлуге әкеледі", — деді Ерғалиев.

Жаһандық экономиканың аталған даму перспективаларын негізге ала отырып, ауқымды вакцинациялаудың тиімділігіне байланысты Дүниежүзілік Банктің қаңтардағы болжамында 2021 жылы әлемдік экономиканың 1,6%-дан 5%-ға дейінгі даму сценарийлері айқындалды.

2021 жылғы бірінші айдың қорытындысы бойынша, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектор 3,6% деңгейінде өсім көрсетті. Негізгі капиталға инвестициялар, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 25,5%-ға өсті. Бұл алдағы уақытта экономиканың тұрақты өсіміне негіз болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады