Чемпиондар лигасы: "Ювентус" соңғы минуттарда үмітін сақтап қалды

Getty Images
Суреттегі футболшы Мусса Марега.

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында алаң иесі "Порту" 2:1 есебімен "Ювентусты" ұтып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші минутта Мехди Тареми есеп ашып, 46-шы минутта Мусса Марега есепті еселеп, 82-ші минутқа дейін "Порту" "Ювентустың" шаруасы бітті деп ойлаған шығар. Алайда туриндік клубтың Федерико Кьеза деген ойыншысы сырт алаңда бір гол салып кетіп, қарымта кездесудің алдында "Ювентуске" үлкен үміт сыйлады.

Қарымта кездесу Туринде 9 наурызда өтеді.

Ал испаниялық "Севилья" өз алаңында плей-оффтың 1/8 финалындағы қарсыласы, немістің "Боруссия Дортмунд" клубынан 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды