Байден кедей елдерге 4 миллиард доллар бөледі

Carlos Barria / Reuters
COVID-пен күресу үшін.

АҚШ президенті Джо Байден 19 ақпанда кедей елдердің вакцинаға қатысты бағдарламаларына төрт миллиард доллар бөлуге уәде берді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Байден мұндай қадамын "Үлкен жетіліктің" (G7) онлайн саммитінде жариялауды көздеп отыр, дейді Ақ үйдегілер.

Құрама Штаттар COVAX халықаралық бағдарламасына екі миллиард долларды бірден аударады. Бағдарлама әлем елдеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті бөлуді көздейді. Тағы екі миллиард доллар екі жыл көлемінде аударылады.

"Үлкен жетілікке" АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада және Италия кіреді.

Кедейшілікпен күресетін ONE Campaign ұйымының 19 ақпанда жарияланған есебінде ауқатты елдер коронавирусқа қарсы вакцинаны миллиард данаға артық алып отырғаны айтылған. Соның салдарынан кедей елдерге вакцина жетпей жатыр, деп есептейді ONE Campaign. Құрама Штаттар, Ұлыбритания секілді бай елдер артығымен алған вакцинаны таратуы тиіс, деп мәлімдеді ұйым.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді