Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар тек бір-ақ рет баспана ала алады

24.kz
Тұрғын үй орталығының базасына екінші мәрте қосылуға жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу кезегінің тізіміне адамның қайта тұруына жол берілмейді, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы бұған дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-тың негізінде толыққанды даму және қолдау институты "Отбасы банкін" құрып, оған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды өткізуді тапсырған, - деді Атамқұлов.

Оның айтуынша, "Отбасы банкі" базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын бір жерден тіркеп, есепке алып, оны қадағалайтын "Тұрғын үймен қамсыздандыру орталығы" құрылады. Сондай-ақ бұл орталық тұрғын үйдің қолжетімділік сатысы бойынша қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес, баспананы таратып береді.

Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасымен біріктірілетін болады. Базаға екінші мәрте қосылуға жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды