Тоқаев: Биыл ЖІӨ 3 пайыздан астамға өседі деп жоспарлап отырмыз

Ақорда
Қажетті қаржымен қамтамасыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемияның теріс әсерін барынша азайта алды - Тоқаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-ші саммитінде сөйлеген сөзінде пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсеруге баса мән берілетінін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қажетті қаржымен қамтамасыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемияның теріс әсерін барынша азайта алды. Тіпті құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндіріс секілді салаларда өсімге қол жеткіздік. Биыл біз жалпы ішкі өнім 3 пайыздан астам өседі деп жоспарлап отырмыз, ­– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ видео конференция форматында өткен жиынға Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сулейманпур қатысқаны атап өтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты