"Барселона" Чемпиондар лигасымен қош айтысты

Reuters
Франциялық клуб қарымта кездесуді 1:1 есебімен аяқтады.

"Барселонаны" биылғы Чемпиондар лигасынан ПСЖ қағып тастады. Сырт алаңда 4:1 есебімен жеңген франциялық клуб қарымта кездесуді 1:1 есебімен аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

31-ші минутта пенальтиден Килиан Мбаппе мүлт кетпеді. "Барселона" жұлдызы Лионель Месси 37-ші минутта есепті теңестірді. Бірінші тайм аяқталар тұста Месси пенальти теуіп, допты қақпаға дарыта алмады.

Қатар өткен ойында "Ливерпуль" тағы да "РБ Лейпцигті" жеңді, есеп 2:0. Мохамед Салах (70-ші минутта) және Садио Мане (74-ші минутта) доп соқты.

Екі матч та коронавирусқа байланысты Будапештте өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды