Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен екеудің бірінің жағдайы өте ауыр

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға бар күшін салуда. Барлық жеке құрам, соның ішінде қаланың бас реаниматологы да науқастардың жанында - әкімдік.

Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен екеудің бірінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек,13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылына әскери ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды. АН-26 ұшағы құлап, өртке оранды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 10 реанимобильді жедел жәрдем тобы оқиға орнында жұмыс істеді. Төрт адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі зардап шегуші жайлы мәлімет:

- 1987 жылғы зардап шегушінің сол жақ жамбасы сынған, сынығы ашық, жабық ми жарақаты бар;

- 1996 жылғы зардап шегушінің диагонзы: ашық бассүйек-ми жарақаты, саусақтарының сынуы, денесін күйік шалған, 2,3 дәрежелі күйік, №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға бар күшін салуда. Барлық жеке құрам, соның ішінде қаланың бас реаниматологы да науқастардың жанында, деп атап өтті Алматы әкімдігі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: