Алдағы демалыс күндері Алматы облысында толықтай локдаун енгізіледі

censor.net
Облыстағы аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты карантин режимі күшейтілді.

Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен аптада Алматы облысында коронавирусқа шалдығушылардың өсім қарқыны 0,6% құрады, тәулігіне 99 жағдай тіркелді. Инфекциялық аурухананың науқастармен қамтылу көлемі - 43%, реанимациялық төсек-орынның 15% қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Аймақ басшысының айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1 550 бірлікті құрайды.

Облыстағы аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты карантин режимі күшейтілді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни бірлестіктердің, қоғамдық монша мен көліктердің жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылады, ойын-сауық мекемелері мен мейрамханалардың жұмыс кестесі 21.00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері облыста бүтіндей локдаун енгізіледі.

Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында аурушаңдық көлемінің артуы байқалады. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады, - деді Баталов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев