Пробациялық бақылау тәртібін бұзған жігіт темір торға жабылды

ШҚО ҚАЖ департаменті
Шартты сынақ мерзімінің күші жойылып, түзеу мекемесіне жаза өтеуге жолданды.

Сот үкімімен 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 4 жыл шартты сынақ мерзімге сотталған азамат пробациялық бақылау тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін, темір торға жабылды.

Бұрын бірнеше рет сотты болған.

Сот үкімін орындау үшін Катонқарағай аудандық №2 пробация қызметіне есепке алынып, 4 жылға пробациялық бақылау қойылған. Катонқарағай пробация қызметінің қызметкерлері сотталғанға жаза өтеу кезінде түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіп, өзге ұйымдармен бірлесе қайталама қылмыс жасамау және әкімшілік құқық бұзушылықтармен, сот үкімімен жүктелген міндетттерді сақтап, пробация қызметінің талаптарын бұзбау туралы тәрбиелік сұхбаттар жүргізіп ескертілген.

Алайда, жүргізілген қылмыстың және де қандайда бір құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарға қарамастан, сотталған өзіне оң нәтиже шығармай, сотпен жүктелген міндеттерді орындамай және пробация қызметінің талаптарын сақтамай, алькогольді ішімдік ішіп алып өз отбасының тыныштығын бұзған.

Сотталған өзінің жазасын толық түсінбегендіктен және сот үкімінің жүктеген міндеттерін бұзып соттың сенімін ақтамай, пробация қызметінің талаптарын орындамағаны үшін, шартты сынақ мерзімінің күшін жойып, сот үкімімен тағайындалған жазасын нақты орындау туралы үшін сотқа жолдады. Сот шешімі бойынша шартты сынақ мерзімінің күшін жойып, сот үкімімен тағайындалған жазасын нақты орындау туралы қаулы шығарды. Сотталған сот залынан қамауға алып, 4 жылға темір торға жабылды,- деді пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Данияр Ануарбекулы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев