Денсаулық министрлігі КВИ-ге қарсы вакцина алуға жазылуды eGov арқылы жүргізуге уәде етті

kt.kz
Министрдің айтуынша, бұл үшін азаматтар электронды үкімет порталына кіріп, өтініш беруі керек, онда тек тұрғылықты жердегі медициналық ұйымды көрсету қажет болады.

8 сәуірден бастап министрлік электронды үкімет порталы арқылы вакцинацияға жазылуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында елімізде цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілетін болады. Вакцинацияланған адамдарды есепке алу және бақылау үшін арнайы төлқұжат жасалды. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы 8 сәуірде электронды үкімет порталында вакцина алғысы келетіндерді тіркеу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр, - деді Цой.

Оның айтуынша, бұл үшін азаматтар электронды үкімет порталына кіріп, өтініш беруі керек, онда тек тұрғылықты жердегі медициналық ұйымды көрсету қажет болады.

Өтініш түскен соң ол медициналық ұйымның қарауына беріледі. Медициналық ұйым вакцинация уақытын көрсете отырып өтініштерді қайта орналастырады. Содан кейін азаматтар электронды үкімет порталынан медициналық ұйымға барудың күні мен уақытын көре алады. Сонымен қатар қосымша SMS хабарлама алады, - дейді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті