Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысын қабылдады

Ақорда
Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттің биылғы жылы 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, бизнестің жұмысына заңсыз араласатын және көлеңкелі айналымға қамқорлық көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қатаң қарауға қатысты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық тәжірибені зерделеу және мемлекеттік органдардың қызметін тиісінше үйлестіру бөлігінде халықаралық ұйымдармен тығыз жұмыс істеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі