Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамырда жабық болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Саябақ санитарлық тазалық жүргізу үшін жабылып, зарарсыздандырылады.
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық тазалық үшін жабылатынын хабарлаймыз, - делінген саябақтың сайтында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, "Алматыэлектротранс" 1 және 2 мамырда қоғамдық көліктер саябаққа бармайтынын хабарлады.
Ведомства мәліметінше, 1 және 2 мамырда Гоголь көшесінің бойымен батыстан және шығыс бағытта Қалдаяқова көшесінен саябақ аялдамасына дейінгі троллейбус маршруттарының қозғалысы өзгертіледі.
25-маршрут Қалдаяқов көшесімен (солтүстік) - Жібек жолы (батыс) - Пушкин (оңтүстік) -Гоголь (шығыс) - Калдаяқов көшесі (оңтүстік) деп келіп, одан әрі әдеттегі маршрут бойында қатынайды. 1 және 12 маршруттар Гоголь (шығыс) - Қалдаяқов (солтүстік) - Жібек жолы (батыс) - Пушкин (оңтүстік) - Гоголь көшесімен (батыс) келіп, одан әрі маршрут бойымен қатынайды, делінген хабарламада.